6 қазан-1 желтоқсан аралығында педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері хэштегімен TikTok-тан үздік мұғалімдерге арналған байқауын іске қосады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырылады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады.
TikTok авторларының қазақстандық қауымдастығы танымдық контенттің көптеген авторларын біріктіреді. Платформа қарапайым бейнероликтер форматы арқылы өз пәніне аудиторияны шын жүректен қызықтыруға мүмкіндік алатын мұғалімдер мен оқытушылар арасында ерекше танымал болып отыр. TikTok-тың “ҚазақстанМұғалімдері” бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер: химик Ұлан Үсенов, математик Данияр Сеңгірбай .
TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі. Бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.
Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдері шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды. Ал оларды жариялау кезінде байқаудың “#ҚазақстанМұғалімдері” хештегі пайдаланылуы тиіс.
“Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады”, ‒ деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.
Құрамында жоба авторлары, TikTok платформасының білікті мамандары және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:
Байқау жеңімпаздары “iPhone 13 PRO Max” смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жасаушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін “Дарындарды дамыту” бағдарламасына шақыру алады.
TikTok-қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Басты мақсаты ‒ адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.