×

Пара алған: Ақтөбе облысында Білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қамауға алынды

Қылмыстық іс тергеуде

Пара алған: Ақтөбе облысында Білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қамауға алынды
Фото: egemen.kz

Шалқар ауданы Білім бөлімінің басшысы пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

«Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», – Антикор хабарламасында.

Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →