×

Түркістандық оқушы әлемінің 40 университетіне шақырту алды

Ол 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізген

Түркістандық оқушы әлемінің 40 университетіне шақырту алды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді.

«8-ші сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен «Hackathon» атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-шы сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының «Eco Turkistan» клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің «Green Team» атты жеке эко клубымды аштым», – дейді ол.

11 сыныптан бастап жоғары оқу орнына түсуді қолға алған Ислам әлемнің 6 елінен 40-тан астам университетінен шақырту алып, облыстың абыройын асқақтатты.

Исламның таңдауы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы «North American University(NAU)» мекемесіне  түсті. Үздік оқушы шет елде білім алып, Отанға оралып, еңбек етуді көздеп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты
Бүгін, 09:57

5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты

Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған
Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатыст
2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін «Келешек» мектебінде 10 рет тексеру жүргізілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →