×

2024-2025 оқу жылындағы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады

2024-2025 оқу жылындағы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Ашық дереккөздерден

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 3 тамызда сағат 11.00-де жарияланады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тізімді осы жерден көре аласыз. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.

Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды
30.01.2026ж. 23:51

"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар
Роза Садықова жекеменшік білім беру ордаларының негізі 35 жыл бұрын қаланғанын еске салды
Білім саласындағы заңсыздықтар анықталып, басқа мамандарға жол ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →