×

Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі – министр

1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады

Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі – министр
Фото: ашық дереккөзден

1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады. Мұндай мәліметті Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.  

«1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған», — деді министр.

Бүгінде өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды
09.07.2025ж. 17:51

Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Өнерлі отбасыны көпшілік құттықтап жатыр. 
ҚР Ұлттық қорғаныс университеті болып қалады.
Негізгі бастауышқа айналуы немесе толықтай жабылуы мүмкін
Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →