×

Қазақстанның оқушылары еуропалық білім Олимпиадасынан екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

Қазақстанның оқушылары еуропалық білім Олимпиадасынан екі алтын медаль жеңіп алды
Ашық дереккөзден

Қазақстанның оқушылары информатикадан EJOI-2024 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқу-ағарту министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Молдовада информатикадан EJOI-2024 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетіп, оның нәтижелері еліміздің өз оқушыларының жетістіктерімен тағы бір мақтануына себеп болған.

«Биылғы жылы жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі күнге созылды. Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді», - делінген хабарламада. 

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алған: алтын медаль – Мансұр Мамадахунов (Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы), алтын медаль – Жан Анри (Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» 9-сынып оқушысы). Күміс медаль – Исатай Исмағзи (Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы). Қола медаль – Арнұр Нұрғазин (Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы).

Команданы дайындаған жетекшілер: Темірлан Сатылханов, ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Альтаир Ашуров, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Еске салсақ, алдыңғы жылы EJOI-2023 олимпиадасында біздің жас бағдарламашыларымыз бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Оларға қанша сыйақы беріледі

Қазақстандық оқушыларды халықаралық аренадағы жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы беріледі. Сыйақы көлемі мынадай:

1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогқа базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшерінде (базалық лауазымдық жалақы 17697 теңге мөлшерінде);

2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогқа базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшерінде;

3) III дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогқа базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде.

«Жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған мұғалім 2024 жылғы көрсеткіш бойынша алтынға 468 970,5 теңге; күміске 309 697,5 теңге, қолаға 150 424,5 теңге алады», — деп жазылған ресми жауапта.

Ал оқушы алтын медальге 5 538 000 теңге, күміс медаль үшін 3 692 000 теңге, қола медаль үшін 1 846 000 теңге алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →