×

Биыл сынып жетекшілерінің жалақысы көбейе ме – министр нақты жауап берді

Сынып жетекшілерінің үстемақысы – бұл қаржылық мәселе

Биыл сынып жетекшілерінің жалақысы көбейе ме – министр нақты жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Мектептердегі сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін. Осыған қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Qaz365.kz тілшісіне жауап берді.

«Сынып жетекшілерінің үстемақысы – бұл қаржылық мәселе. Сондықтан талқылауда. Бұл тек министрліктің құзырында емес. Экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған мүдделі мемлекеттік органдардың араласуымен шешіледі. Біз өз тарапымыздан барлық есептеулерді болдық. Осы жолы болмауы мүмкін. Келесі жылы ықтимал», - дейді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны үш есе өсіру қажет екенін айтқан. Яғни 8 мың теңгеден 30 мыңға дейін көтеру көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →