×

Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады

Түркістан облысында  жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді

Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі құрметіне «Ұстазыма мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді», – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз  «Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен 20  педагог «Құрмет грамотасын» алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.

«Көпшілікті таңғалдырған кеш тосын сыймен жалғасты. Дархан Амангелдіұлы айрықша еңбегімен көзге түскен ұстазды ерекше марапаттады.  Шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған «Түркістан Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына облыстың атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр. Бұдан бөлек,  оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған, өзі іскер, белсенді,  облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук тарту етілді», – деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарқанда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Айта кетерлігі, Түркістан облысында  жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алады. Республикадағы әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Жаңа оқу жылында өңірде 1-сыныпқа 52 мыңнан астам оқушы қабылданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →