×

Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды

Абай облысында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай облысында мұғалімдер күніне орай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов ардагер ұстаздардың үйлеріне барып, ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саналы ғұмырларын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған қарияларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Арагер ұстаз Александра Волкова – бір ғасырдың куәсі. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін келіп, 1953 жылдан Семияр орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берді. 30 жылдық мұғалімдік жолында зейнетке шыққанға дейін бірнеше буын  ұрпақты тәрбиеледі.

“Жасым жүзден асты. Осы  күнге жетуімнің сыры балаларды, шәкірттерімді жақсы көруімнен деп ойлаймын. Еңбегімнің еш кетпегеніне қуанамын. Елеп-ескеріп келгендеріңізге аналық, ұстаздық алғысымды білдіремін”, - деді Александра Волкова.

Марватжан Байқанов ақсақал өзінің еңбек жолын 1950 жылы Башкөл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Ұзақ жылдар білім бөлімін басқарып, 39 жылдық еңбек өтілімен құрметті демалысқа шыққан. Еңбек әрі тыл еңбеккері Марватжан Адхамұлы қазір Бесқарағай ауданындағы "Башкөл" татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесін басқарады.

Еліміздің білімді жастарын тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған қариялар бүгінгі мерекеде лайықты құрметке ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды
30.01.2026ж. 23:51

"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар
Роза Садықова жекеменшік білім беру ордаларының негізі 35 жыл бұрын қаланғанын еске салды
Білім саласындағы заңсыздықтар анықталып, басқа мамандарға жол ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →