×

Қарағанды облысында «QH Білім-Инновация лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасы іске қосылды

Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асуда

Қарағанды облысында «QH Білім-Инновация лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасы іске қосылды
фото: Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды облысында білім беру сапасын арттыру мақсатында «QH Білім-Инновация лицейлерінің тәжірибесін енгізу» атты жоба іске қосылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Жоба аясында Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары мен Абай және Қарқаралы аудандарындағы 86 мектеп қамтылмақ.

Қарағанды облысының Білім басқармасы физика, химия және биология пәндерінен 258 мұғалімнің және жалпы 860 педагог пен мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстарын ұйымдастырады. Бұл курстар педагогтарға құндылыққа негізделген білім беру әдістемесін меңгеруге, алдағы уақытта бұл тәжірибені оқу процесіне енгізуге мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы бюджеті 3,5 миллиард теңге болып, оның 2,9 миллиард теңгесі мектептерді заманауи құралдармен жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан бөлінеді. Нәтижесінде, физика, химия және биология пәндері үшін 253 кабинет интерактивті құрылғылармен, цифрлық зертханалармен және дидактикалық материалдармен жабдықталмақ. 

Бұған дейін Алматы облысында іске асқан жоба оң нәтиже беріп, оқыту сапасын айтарлықтай жақсартқан болатын. Енді бұл табысты бастама Қарағанды облысында да қолданысқа еніп, педагогтардың кәсіби дамуына және оқушылардың білім деңгейін арттыруға ықпал етпек.

Жобаны 2027 жылға дейін Қарағанды облысының Білім басқармасы, «Jelken Foundation» қоры, «Білім-Инновация» ХҚҚ және «EduCon» ЖШС серіктестігімен жүзеге асыру жоспарланған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →