×

Артық жалақы мен қос еңбек демалысы - Ақтөбедегі мектеп есепшісі бюджетті заңсыз иемденген

Ол 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып қаржы жымқырған

Артық жалақы мен қос еңбек демалысы - Ақтөбедегі мектеп есепшісі бюджетті заңсыз иемденген
Сурет: gov.kz

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудіі аяқтады, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

“Иемденіп алу схемалары – жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған. Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды. Сот есепші Г. кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген Ақтөбе облысы прокуратурасы мәлімдемесінде.

Оған 7 жыл ішінде материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметте істеуіне тыйым салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
06.05.2026ж. 22:17

Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Кейінгі үш жылда ғылымды дамытуға 4 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды
Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →