. Оның өзіңе бір айда 150-200 мың теңге кетіп қалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында . «Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді» деген болатын. Осы ретте Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев үнемшілікті қалай реттеу керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Несие алмау қажет, Iphone 14, 15, 16 алмасың. Сосын қолма-қол тауар несиесіне (рассрочка) жоламасың. Яғни жарнаманың құрбаны болмауы тиіс. Мейліңше, жәрмеңкелерге барып, үнемдеуге тырысу керек. қазір «Аманат» партиясының жаңында іске асып жатқан «Қарызсыз қоғам» деген жоба бар. Сол жерде түсіндіреміз. Бізде кейбір жас отбасылар бар. Кешке кино көреміз, кітап оқимыз деген сылтаумен қажетсіз нәрселер алады. Біріншіден ол денсаулыққа зиян, екіншіден керек емес шығын. Атап айтсақ, чипсы, кока-кола сияқты тағамдарды ала береді. Оның өзіңе бір айда 150-200 мың теңге кетіп қалады. Халыққа үнемшілдікті үйретудің қажеті жоқ. Бізден де жақсы біледі, - дейді депутат.
Еске салсақ, Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі таңдағы басты мәселені атаған болатын.
Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді.Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет, - дейді ол.