×

Үкімет кімдер салықтан босатылатынын анықтады

Үкімет кімдер салықтан босатылатынын анықтады
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда 16%, 10%, 0% шкаласы бойынша ҚҚС ұсынылды. Салық кодексіне өзгертулер 20 ақпанға дейін парламентке ұсынылады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

16% базалық мөлшерлеме ұсынылады. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге және басым мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді үшін қосымша құн салығынан босатуды ұсынамыз. Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Біз осыны сақтап қаламыз, - деді Серік Жұманғарин.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін еді. Енді олар төлемейді. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнім (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге неғұрлым қабілетті болады деп отыр.

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады.

Біз денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлемені ұсынамыз. Бұл ставканы тағы  кімдер қолданады? Бұл мәселе қосымша талқылауды қажет етеді. Біз барлық қызмет түрі бойынша ұсыныстарды жинаймыз, есептеп санаймыз және сіздермен бірге шешеміз, - деді вице-премьер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Банктер, тұрғын үй құрылысы – Жұманғарин ҚҚС көтеруге болмайтын салаларды атады
Бүгін, 14:05

Банктер, тұрғын үй құрылысы – Жұманғарин ҚҚС көтеруге болмайтын салаларды атады

Вице-премьер құрылыс компанияларына салықты неге көтермейтінін түсіндірді
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елдегі банк жүйесін сынға алды
Президенттің сөзінше, тек бюджет қаржысымен экономиканы жаңғырту мүмкін емес

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →