×

Екібастұз Қазақстандағы моноқалалар тізімінен шығарылды

Екібастұз Қазақстандағы моноқалалар тізімінен шығарылды
gov.kz

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізімін жаңартып, одан Екібастұз қаласын алып тастады. Бұл шешім Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік жүргізген кешенді талдау нәтижесінде Екібастұздың экономикасы бір ғана қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктен арылып, әртараптандырудың тұрақты үрдісін көрсеткені анықталды. 78 негізгі көрсеткіш бойынша жүргізілген мониторинг қаланың салалық құрылымы теңгерімді екенін және инвестициялық белсенділіктің жоғарылағанын дәлелдеді.

Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Екібастұздағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 28,1%-ға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 429,8 млрд теңгеге жетіп, 1,2 есе ұлғайды. Мамандардың пікірінше, халықтың жұмыспен қамтылуы бірнеше секторға бөлінген, бұл қаланың монофункционалдық белгілерін жоғалтқанын білдіреді.

Жаңартылған тізімде енді 19 моноқала қалды: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Саран қаласының экономиканы әртараптандыру бойынша сәтті тәжірибесі басқа моноқалаларды дамыту үшін негіз болып алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →