×

Шерзат Болатқа қатысты видео таратып жібергендер жазалана ма? Полиция жауап берді

Тергеу қорытындысы бойынша осы оқиғаға құқықтық баға беріледі

Шерзат Болатқа қатысты видео таратып жібергендер жазалана ма? Полиция жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы Шерзат Болат өліміне қатысты видеоның тарап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне журналистік сауалнама жіберді. Баспасөз қызметі Шерзат Болаттың өлімі бойынша қылмыстық істі тергеуге қатысты видеоның тарауына байланысты жауап берді.

Ведомство видеожазбаның тарап кетуі бойынша қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша осы оқиғаға құқықтық баға беріледі.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, осы кезеңде қосымша ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Шерзат Болаттың қылмыстық ісі бойынша тергеу барысынан видеоның тарап кетуіне байланысты БАҚ-та құпия материалдың тарағаны жазылғанын естеріңізге саламыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →