×

Атырауда 3 балабақшаның меңгерушісі 16,5 миллион теңге жымқырған

Білім беру саласындағы тексеру қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізілген

Атырауда 3 балабақшаның меңгерушісі 16,5 миллион теңге жымқырған
Фото: gov.kz

Атырау қаласындағы 3 балабақшаның меңгерушісі мемлекеттен 16,5 млн теңгені алаяқтық жолмен алғаны анықталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық прокуратура білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Тексеру санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медициналық талапқа қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты бірнеше айыппұл салу ұйғарылды. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 14 жеке, 42 мемлекеттік мектеп пен 30 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 63 040 900 теңге, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 9 жеке, 2 мемлекеттік мектепке, 14 жеке, 8 мемлекеттік балабақшаға 4 287 360 теңге, төтенше жағдайлар басқармасы 3 жеке, 1 мемлекеттік мектепке, 20 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 1 218 360 теңге, білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаменті 12 жеке, 47 мемлекеттік мектеп пен 11 жеке, 1 мемлекеттік балабақша 11 795 940 теңге, еңбек инспекциясы басқармасы 2 жеке мектеп пен 4 жеке балабақшаға 1 772 160 теңге айыппұл салды", - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Білім беру саласындағы тексеру қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Соның нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Ал, мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге айыппұл өндірілді.

"Мемлекеттен алаяқтық жолмен заңсыз 16,5 млн теңге алған үш балабақшаның меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Заңсыз алынған қаржы мемлекетке толық қайтарылды. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігі мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстайды", - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →