×

Павлодарда үстіне ағаш құлаған әйел көз жұмды

Ол ішкі ағзалардың зақымдануы және ауыр травматикалық шоктан қайтыс болған

Павлодарда үстіне ағаш құлаған әйел көз жұмды
Сурет: Бейнеден кадр

Павлодарда қатты желдің салдарынан құлаған ағаш 67 жастағы әйелді басып қалып, ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

”1957 жылы туған әйелдің денесінде көптеген жарақаттар болған: екі тізесінің, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің сынуы, жұлынның жабық үзілуі, ішкі ағзалардың зақымдануы және ауыр травматикалық шоктан қайтыс болған”, – делінген  медицина қызметкерлерінің көрсетпесінде.

Ағаш ауладағы көлік тұрағында тұрған көлікке де зақым келтірген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →