×

Астанада оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан астам жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды

Астанада оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Сурет: gov.kz

Астанада бүгінгі ауа-райының қолайсыздығына байланысты II ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

“«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Астанада қар жауып, көктайғақ, боран болады, кейде 30 м/с дейін жел соғады. Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан астам жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды”, – делінген Астана қаласы ікімдігінің хабарламасында.

Әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарына жолда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тарту керектігін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →