×

Қарағанды облысында Қарулы Күштер дивизионының бөлімше командирі есірткімен ұсталды

Оның көлігінен шамамен 12 кг болатын ақ ұнтақ заттың 18 пакеті табылған

Қарағанды облысында Қарулы Күштер дивизионының бөлімше командирі  есірткімен ұсталды
Иллюстрациялық сурет: ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Қарағанды облысында Қарулы Күштер дивизионының бөлімше командирі есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Geely Coolary” көлігінің жүргізушісі, 31 жастағы азамат, тіркеу нөмірлерінсіз жол ережесін бұзған. Оның Сарыөзек әскери гарнизоны дивизионының бөлімше командирі екені айтылып жатыр.

 “Балқаш-Сарышаған жолын патрульдеу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған көлікті тоқтатқан.Тәртіп сақшылары көлікті тексергенде, жалпы салмағы шамамен 12 кг болатын ақ ұнтақ заттың 18 пакетін тапты”, – деді өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →