×

Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаянға Стамбұлда ота жасалды

Бұл туралы заңгер хабарлады

Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаянға Стамбұлда ота жасалды
Фото: ашық дереккөзден

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Желіде Ербаянның жағдайын сұрап, хабарласып жатқан ағайынға мың алғыс. Қазір Ербаянның жағдайы бірқалыпты, Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Бірінші тұрған фото бүгін жасалды. Екінші фото Стамбұлға келген кезде басына жасалған отадан кейінгі кезі. Құдайға шүкір ота сәтті жасалып, енді реабилитациялық ем-шара, емдік дене шынықтыру процедуралары басталды. Қалпына келу уақытты және біраз шыдамды талап етеді. Оған дайынбыз. Әрі қарай Ербаянның жігері мен дәрігерлердің кәсібилігіне сенеміз. Ербаянымызды іздеп, сұрап, ниеттес болғандарыңызға мың алғыс. Қазірге жаңалығымыз осы. Айтарлықтай өзгеріс, жақсы жаңалығымыз болса міндетті түрде Сіздермен бөлісеміз», - дейді Инга Иманбай.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер отбасына оның дәретханаға құлап, басын плитаға ұрғанын хабарлады. Туыстары бұл нұсқамен келіспеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →