×

ҚАЖК Қуандық Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты

Комитет өкілдері Бишімбаевтың колониядағы жұмысы жайлы да айтты

ҚАЖК Қуандық Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты
Фото: Jogargy_sot

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтпады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы мекемеде отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, БАҚ-та Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат тараған. ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, бұл ақпараттың бір бөлігін растады, бірақ нақты колонияның атауын ашпады.

"Сұрауыңызда көрсетілген сотталған азамат жазасын сот үкімі бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Сотталушының қай жерде жазасын өтеп жатқаны туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Қылмыстық-атқару кодексінің 25-бабы), оның жақын туыстарына хабар берілген," - деп жауап берді комитет.

Сондай-ақ, комитет өкілдері Қуандық Бишімбаевтың колонияда жұмыс істемейтінін айтты.

"Мекемедегі күн тәртібі барлық сотталғандарға бірдей. Жұмыс орнының жоқтығына байланысты ол жұмысқа орналаспаған," - деді ҚАЖК.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды
09.08.2025ж. 13:33

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: бір адамның мәйіті мен әуе кемесінің сынықтары табылды

Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.
Полицияның мәліметінше, қақпа дұрыс бекітілмеген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →