×

Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталды

18 қылмыстық іс қозғалған

Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталды
Фото: gov.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174-і сотқа жолданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде аймақта есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалар мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.

Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалған.

Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →