×

«Жиі кездесіп тұрдық». Вице-министр Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Бір жыл бұрын Гастро-орталықта экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірген болатын

«Жиі кездесіп тұрдық». Вице-министр Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: gov.kz / Jogargy_sot

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Тілеушин алғаш рет Астанадағы әйгілі Гастро-орталықтың құрылтайшыларының қатарынан шыққаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын Гастро-орталықта экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірген болатын.

«Мен мемлекеттік қызметке бизнестен келдім. Өйткені әртүрлі жобаларға инвестиция салдым. Соның ішінде осы Гастро-орталықта бар. Ал қазір бұл жобада құрылтайшы емеспін. Қуандық Бишімбаев екеуіміз «Болашақ» бағдарламасының түлектеріміз. Үнеміз өз жобаларымыз бойынша ой бөлісеміз, сондықтан кездесіп тұратынбыз. «Болашақ» түлектері жақсы араласып тұрды. Бізді байланыстыратын жалғыз тетік осы болатын. Бүгінгі таңда бұл жобада құрылтайшы емеспін», - дейді Қаныш Тілеушин. 

Ол бұл орталықты Салтанат Нүкенованың өліміне дейін сатуды көздегенін айтып отыр. Тілеушин Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі болып, 2023 жылы маусым айында тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
11.07.2025ж. 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →