×

Павлодарда терезеден матамен түспек болған студент қыздар 4-қабаттан құлап кетті

Оқиға түнгі уақытта болған

Павлодарда терезеден матамен түспек болған студент қыздар 4-қабаттан құлап кетті
Фото: polisia.kz

Павлодарда студент қыздар төртінші қабаттан төсек жаймасымен түсу кезінде құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға түнгі уақытта болғанын мәлімдеді.

"Студент қыздар матадан ұстап түсіп келе жатқанда құлап, төртінші қабаттағы бөлме терезесінен жерге түскен. Салдарынан екеуі әртүрлі жарақаттар алып, ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, медицина қызметкерлері Павлодардағы бір колледждің жатақханасы орналасқан мекенжайға шақыртылған.

Ресми ақпарат бойынша, қыздар қазір ауруханада, олармен әзірге сұхбат жүргізілмеген. Бірақ полиция олар жатақханадан терезе арқылы шықпақ болғанын болжап отыр.

Екі кәмелетке толмаған қыздың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр. Медициналық қызметкерлер мәліметінше, студент қыздар үшінші қабат биіктігінен құлаған.

"2007 жылы туған қызда жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу диагнозы қойылды. Омыртқаның кеуде және бел бөліктерінің созылуы мен көгеруі, сондай-ақ аяқ жарақаты анықталды. Ал 2008 жылы туған екінші қызда кеуде омыртқаларының денесінің бір дәрежелі компрессиялық сынуы анықталды. Жарақат алғандар облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →