×

«Террористік әрекетке қатысты»: ҰҚК күдікті қазақстандықты Түркиядан қайтарды

Ол сот санкциясымен қамауға алынды

«Террористік әрекетке қатысты»: ҰҚК күдікті қазақстандықты Түркиядан қайтарды
Фото: ҰҚК

ҰҚК террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікті қазақстандық Түркиядан қайтарылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталиядан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді.

Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған.

"Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың әкесі ұсталды
Бүгін, 17:45

Шерзат Болаттың әкесі ұсталды

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты
Полиция тексерісінен кейін көлік жақын туыстарына берілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →