×

Қызылорда облысында алимент төлемегендер сотталды

Олар осы әрекеті үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Қызылорда облысында алимент төлемегендер сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Арал ауданында алимент төлеуден жалтарған төрт адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оларға Қылмыстық кодекстің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық жауапқа тартылды.

Алимент төлеуден жалтарғандардың жалпы қарызы 8,1 млн теңгені құрайды. Олар осы әрекеті үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар жыл басынан 16 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 млн теңге алимент өндірілген.

«Сотталушылар кінәсін толығымен мойындап, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енген», - делінген прокуратура хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың әкесі ұсталды
Бүгін, 17:45

Шерзат Болаттың әкесі ұсталды

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты
Полиция тексерісінен кейін көлік жақын туыстарына берілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →