×

Алматыда SIM box жабдығын пайдалану арқылы іске асырылған интернет алаяқтықтың жолы кесілді

Ұсталғанның айтуынша, ол жұмыс туралы ұсынысты Telegram арқылы алған

Алматыда SIM box жабдығын пайдалану арқылы іске асырылған интернет алаяқтықтың жолы кесілді
Фото: gov.kz

Бүгін Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» қызметкерлері, алаяқтық схемаларды ұйымдастыру үшін «SIM box» жабдығын пайдаланған деген күдікті «Р» азаматын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді.

Жалға алынған пәтерді тексеру барысында 32 SIM-карта слоты бар «SIM box» жабдығы, сондай-ақ ұялы операторға тиесілі 285 SIM-карта табылды.

Құрылғы «WhatsApp» және «Telegram» сияқты интернет-сервистері мен мессенджерлерді белсенді ету үшін пайдаланылды, бұл алаяқтарға жасырын аккаунттарды тіркеуге және елден тыс жерлерде Қазақстан азаматтарына қоңырау шалуға мүмкіндік берді.

Ұсталғанның айтуынша, ол жұмыс туралы ұсынысты «Telegram» арқылы алған, онда оған жабдықтарды баптау және қызмет көрсету, сондай-ақ SIM-карталарды үнемі ауыстырып отыру тапсырылған. Осы міндеттерді орындағаны үшін жоғары ақы төленеді деп уәде берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →