×

Қызылордадағы жасөспірімдерге қатысты шулы істер: Әкім басқарма басшысын неге қызметтен босатпады

Облыс әкімі не себепті білім басқармасы басшысын қызметінен босатпағанын түсіндірді

Қызылордадағы жасөспірімдерге қатысты шулы істер: Әкім басқарма басшысын неге қызметтен босатпады
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте не себепті білім басқармасы басшысын қызметінен босатпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қызылорда облысының білім саласында өлтіріп кетті, өз-өзіне қол салды, зорлап кетті деген ақпараттар жиі жарияланып кетті. Үш-төрт айдың ішінде Білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов екі рет қатаң сөгіс алған. Өзге өңірлердің білім саласында осындай тосын жағдай болса, басқарма басшысы қызметтен кетіп жатады. Неге Асқарбек Есжанов жұмысынан екі рет сөгіс алса да, қызметтен босатылмады?» –  деп сұрады журналист брифинг барысында.

Өңір басшысы облыс орталығында, бірқатар аудандарда білім саласының мамандарының, құқық қорғау органдарының қатысуымен үлкен жиындар өткенін атап өтті. 

«Өкінішке қарай, біздің өңірде осындай жағдайлар орын алды. Біз бұл турасында үлкен жиындар өткіздік. Есте болса, өткен жылы Оқу-ағарту министрлігінің қатысуымен төрт ауданда тәрбиеге қатысты, білім саласын дамытуға байланысты үлкен жиындар өткіздік. Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы іссапармен келді. Біз Жаңақорған, Шиелі аудандарында және Қазалы ауданында және облыс орталығында да осындай шаралар өткіздік. Сонда бұл мәселелер көтерілді. Одан кейін құқық қорғау органдарымен бірнеше рет жиындар өткізілді. Оған барлық аудандардан ата-аналар комитеті, комитет төрағалары, білім саласына қатысты барлық мамандар шақырылды. Кемшіліктердің барлығы айтылды. Аудан әкімдеріне, білім бөлімдеріне, білім басқармаларына қатаң тапсырма берілді», - деді облыс әкімі Нәлібаев.

Сондай-ақ әкім журналистке білім басқармасын ғана біржақты қарауға болмайтынын айтты.

«Білім басқармасын біржақты қарауға болмайды деп есептеймін. Басқа да білім саласын дамытудағы істеп жатқан еңбектерін қарауымыз керек. Ол азамат осыған дейін де білім саласында қызмет істеген. Білім бөлімін басқарған. Мектепте басшы болған. Одан бөлек бірнеше басқарманы да басқарды. Қала әкімінің орынбасары болды. Көп жауапкершіліктерді атқарған, тәжірибелі әріптестеріміздің бірі. Осындай бір-екі кемшілік алды деп әр басқарманың басшысын босата беретін болсақ, ол жерде адам қалмайды. Қатаң сөгіс бердік. Екінші рет орын алғанда қызметке сәйкес еместігін де бердік. Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар тағы да орын алса, онда тиісті шешімдер қабылданатын болады», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →