×

Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған

Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан

Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
Видео кадры/instagram/pravda_ot_saule

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны өлтірмек болған. Тіпті балғамен ауыр жарақаттар салған. Ауруханаға түскен әйел жергілікті блогерге оқиға қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолы да сынған. Әйелді әріптестері құтқарып қалған.

Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан, бірақ мектеп директоры ер адамды оқу орнының ғимаратына кіргізбепті.

Алматы облыстық Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті
Бүгін, 15:45

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған
Шу аудандық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →