×

Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар

Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған

Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар
Сурет: gtrk-kostroma.ru

Абай облысындағы мектеп қазандығы жарылып, от жағушы зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 
                                                    
Бұл жайында Абай облысы әкімдігі хабарлады.

Оқиға 22 қарашада Үржар ауылында болған. Агрегат Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің жанындағы жеке тұрған қазандықта жарылып, ғимараттың төбесі жартылай құлаған.

1970 жылы туған мектептің от жағушысы екінші және үшінші дәрежелі күйік алды. Ер адам аудандық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды, оның жағдайы тұрақты деп бағаланады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған. Бұл қазандықтағы қысымның жоғарылауына әкеп соққан. 943 оқушы мен 117 педагог үшін оқу процесі жалғасып жатыр. Резервтік қазандық мектеп ғимаратын жылытады", –  делінген әкімдіктің хабарламасында.

Әкімдік мәселені тез шешіп, 23 және 24 қарашада  жаңа қазандық орнатуға уәде берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →