×

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының 10-шы шағынауданындағы №19 үйде болған

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында тұрғын үйде өрт шығып, екі бала терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының 10-шы шағынауданындағы №19 үйде болған.

“Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаздар және жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метрді құрады. Құтқарушыларға 12 адам эвакуацияланды, олардың жетеуі – балалар”, – делінген БҚО ТЖД мәліметінде.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар таралуда. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіреді, ал төменде оларды созылған кенеппен ер адамдар ұстап алады. Өкінішке орай, екінші бала құлағаннан кейін кенептің шеті жыртылған. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кейінірек олардың жағдайы туралы түсініктеме беруге уәде берді.

Өрт сағат 9:47-де жойылды. Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай олардың бақылауында екенін және отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →