×

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында тұрғын үйде өрт шығып, екі бала терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын ауданында болған.

“Төртінші қабаттағы пәтерде Жиһаз және жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метрді құрады. Құтқарушыларға 12 адам эвакуацияланды, олардың жетеуі балалар”, – делінген БҚО ТЖД мәліметінде.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар таралуда. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіреді, ал төменде оларды созылған кенеппен ер адамдар ұстап алады. Өкінішке орай, екінші бала құлағаннан кейін кенептің шеті бұзылды. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кейінірек олардың жағдайы туралы түсініктеме беруге уәде берді.

Өрт сағат 9:47-де жойылды. Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай олардың бақылауында екенін және отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар
Бүгін, 13:55

Абай облысында мектеп қазандығы жарылды - зардап шеккендер бар

Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген
Аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →