×

Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты

Апат қаланың Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған

Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты
Сурет: Massaget.kz/Нұрбол Жылыс

Алматыда Тепловоз жолаушылар автобусымен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Апат қаланың Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде, Гагарин көшесіне жетпей, оңтүстік бағытта сағат 11:40-та болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-ші бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта, Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай теміржол жолдарымен жүретін тепловозбен соқтығысуы орын алды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.

Куәгерлердің айтуынша, автобус тепловоздың ескертуін елемей, өтіп кетемін деп ойлаған.

Апат салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астанадағы KaRima кафесінде болған өрттен сегіз пәтер зардап шекті
Бойжеткен мен оның туыстары тергеудің созылып кеткеніне шағымданды
Алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің шабуылы жайлы айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →