×

Өз-өзін би сайлап алғандар тексеріледі: Бас прокуратура іске кірісті

Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі

Өз-өзін би сайлап алғандар тексеріледі: Бас прокуратура іске кірісті
Фото: gov.kz

Бас прокуратура Әділет министрлігі мен Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне тиісті хат жолдап, өңірлерде өз-өзін би сайлап алғандарға шара қабылдамақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәселені депутат Болат Керімбек көтерген еді. Оның айтуынша, «Қазақ билері», «Қазақ билер алқасы» секілді атаулармен құрылған түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдар қаптап кеткен. Тіпті, ресми тіркелмей-ақ өз алдына оңаша отау құрып, би болып жүргендер де жетерлік. Бұдан бөлек, ат төбеліндей аз ғана топтың қолдап-қолпаштауымен Бас би атанып, асатаяқ ұстап, ақыл айтып, шешім шығарып жүргендер де бар. Депутат Бас прокуратураға хат жолдап, соларға құқықтық баға беруді өтінген еді.

Бас прокуратура депутатқа берген жауабында Қазақстанда саяси партиялар, кəсіптік одақтар жəне азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылатынын хабарлаған. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар саналады. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Олар мемлекет ісіне заңсыз араласа алмайды, мемлекеттік органдардың қызметін өзіне жүктеуге қақысы жоқ. Дегенмен құзырлы орган Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы барын ескертеді. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Олардың қызметін жергілікті атқарушы органдар мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бақылайды.

«Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте жəне нысандарда жоғары қадағалайды. Сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi жəне мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Мазмұндалғанды ескере отырып, сауалда көрсетілген мəселелер бойынша шара қабылдау үшін Әділет министрлігі мен Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне тиісті хат жолданғанын хабарлаймыз», - деді Бас прокуратура депутатқа берген жауабында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтауда жертөледен ер адам өлі табылды
Бүгін, 14:42

Ақтауда жертөледен ер адам өлі табылды

Өңірлік полиция департаменті пікір білдірді
Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған
Оқиға  27 қарашада Қаражанбас тас жолында орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →