×

«Телефонын бермегені үшін»: Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастаған

Полицейлер қылмыстық іс қозғаған

«Телефонын бермегені үшін»: Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастаған
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

 «Санының төменгі үштен бір бөлігі жарақаттанған. Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тігіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен», - деді Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Рақымжан Әубәкіров.

Оқиға Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын бір мектепте оқыған. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді.  Полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.

 «Өзінің досы, ойнап, көріп алған да, сол жерде жерге қадап отырғанда тізесінің үстіне қадалған. Сол ғана. Бала жақсы. Ата-анасы, барлығы хабардар. Бұл жағдай абайсызда болған», - деді Ақтөбедегі №10 мектеп директоры Индира Бексұлтанова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →