×

Алматыдағы автобус апаты: белгілі продюсер 2,5 жылға сотталды

Марқұмның ағасы Сартаеваны кешірген болатын

Алматыдағы автобус апаты: белгілі продюсер 2,5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Маусым айында адам өліміне әкеп соққан жол апаты орын алған еді. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алған. Қайғылы жағдайға "5:32" телехикаясының продюсері Анель Сартаева кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 2,5 жылға сотталып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол сәбиінің болуына байланысты, жазасын 3 жылдан соң өтейтін болды. Продюсер Сартаева әу бастан өз кінәсін мойындап, жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді. Оның отбасы жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеп, кешірім сұрады.

"Бұлай болғанын қаламадым. Тоғыз жыл көлік жүргізіп, бірде-бір апат болмаған еді. Болған оқиға үшін марқұмның отбасынан кешірім сұраймын", - деді әйел.

Марқұмның ағасы Сартаеваны кешірген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →