×

«Іс бұрмалана ма деген күмән бар»: адвокат Ербаян ісі бойынша мәлімдеме жасады

Сарбаздың адвокаты тергеуге күмән күшейгенін жазды

«Іс бұрмалана ма деген күмән бар»: адвокат Ербаян ісі бойынша мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай тергеу амалдарына шағымданды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адвокат желіге дабыл қағуға мәжбүр екенін жазды. Оның жазуынша, Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. 

«Бірнеше күннен бері Сіздерге айтар жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді. Адвокат осы себепті жағдайды осы жерге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етті», - деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер отбасына оның дәретханаға құлап, басын плитаға ұрғанын хабарлады. Туыстары бұл нұсқамен келіспеген. Қазіргі уақытта сарбаз Түркияда емделуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өлгендердің арасында есімді жидым»: Air India ұшағы апатында жалғыз жолаушы тірі қалды
Бүгін, 20:43

«Өлгендердің арасында есімді жидым»: Air India ұшағы апатында жалғыз жолаушы тірі қалды

Жалғыз аман қалған — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш
Бүгін Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 ұшағы апатқа ұшырады
Оны іздестіру жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →