Марқұмның ағасы Сартаеваны кешірген болатын
Маусым айында адам өліміне әкеп соққан жол апаты орын алған еді. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алған. Қайғылы жағдайға "5:32" телехикаясының продюсері Анель Сартаева кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол 2,5 жылға сотталып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол сәбиінің болуына байланысты, жазасын 3 жылдан соң өтейтін болды. Продюсер Сартаева әу бастан өз кінәсін мойындап, жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді. Оның отбасы жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеп, кешірім сұрады.
"Бұлай болғанын қаламадым. Тоғыз жыл көлік жүргізіп, бірде-бір апат болмаған еді. Болған оқиға үшін марқұмның отбасынан кешірім сұраймын", - деді әйел.
Марқұмның ағасы Сартаеваны кешірген болатын.