×

Шерзаттың әке-шешесінің жағдайы қалай және қазір олар қайда тұрып жатыр

Ол оқиғадан кейін әкімшіліктен көмек болмағанын айтты

Шерзаттың әке-шешесінің жағдайы қалай және қазір олар қайда тұрып жатыр
Сурет: Бейнеден кадр

Талғарда бірнеше адамның қолынан көз жұмған Шерзат Полаттың әкесі Қаржайбау «Айран» арнасына сұхбат беріп, қазір қайда тұрып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі кезде біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Әкімшіліктен ешқандай көмек болған жоқ. Халық арасында біз ақша жинап жатыр екен деп әңгіме тарап кеткен. Ол мәселе бойынша мені шақыртты. Қауіпсіздік қызметіне бардым. Менің атымнан белгісіз біреулер жұрттан ақша жинап жүр екен. Менің оған ешқандай қатысым жоқ. Сондықтан, мен түсініктеме, жауап бердім», - деді ол.

Қаржаубай бүгінгі таңда ақысыз демалыста. Дүкені жұмыс істемейді. Өзінің кішігірім шаруа қожалығы бар. Ет дүкенін бірнеше күн бұрын ашып, жұмыс істеп жатыр.

Талғардағы трагедия

Еске салсақ, Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді. Артынша марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов әділ сотты талап етіп, үндеу жасады.
Бұдан бұрын тараған ақпараттарға қарасақ, марқұм Шерзат Болат дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт достарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жығады. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Пышақпен келген бұзақылар анасының жанайқайына қарамай, жасөспірімді соққыға жыққан.

Ресми орган тергеу объективті жүргізіліп, кінәлілердің бәрі заң аясында жазасын алатынын мәлімдеді. 
Алайда тергеушілерге сенбеген марқұмның туған-туыстары көшеге шығып, әділдікті талап етті. Олар сол түні болған 13 адамның орнына 7 адамның ғана қамалғанына наразылық білдірді. Марқұмның әпкесі Бақыт Реймова полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмағанын айтты. 

Талғарда Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады. 9 қазанда мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Талғардағы жағдай туралы Үкімет басшысына сауал жолдады. Ал мәжіліс депутаты Абзал Құспан Талғардағы қанды оқиға бойынша сот ашық өткізу талабы дұрыс екенін айтты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Сондай-ақ осы оқиғадан кейін бірнеше шенді қызметінен кетті. Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды.

«Хуторлықтардың» лидері деп аты шыққан Хасан Қасымбаев Орда басылымына сұхбат беріп, өзі жөнінде әлеуметтік желіге тараған ақпараттың бәрін жоққа шығарды. 16 жастағы Шерзатты өлтіру ісі мен әкесінің Талғардағы үйін өртеу ісі бойынша бес сараптама тағайындалды. Алматы облысы Полиция департаменті «Хуторлықтар» бандасының жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев қамауға алынғаны туралы мәлімдеме жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →