×

Жаркенттегі капитанның қазасы: офицер мен үш сарбаз қамалып, генерал қызметінен айырылды

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ІІМ әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғаған

Жаркенттегі капитанның қазасы: офицер мен үш сарбаз қамалып, генерал қызметінен айырылды

Қорғаныс министрлігі мен Бас әскери прокуратура Жаркент гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің аумағында 27 жастағы капитан Дархан Дәулеттің қазасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ІІМ әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында төрт күдікті ұсталған. Олар: офицер және үш мерзімді әскери қызметші. Оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Әскери бөлімнің командирі қызметінен шеттетіліп, бірқатар шенеунік басқа гарнизондарға ауыстырылған.

Сондай-ақ, ведомство жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы елеулі олқылықтар үшін құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповті қызметтен босату туралы өтінішхат жазылғанын хабарлады.

Өз кезегінде Бас әскери прокуратура тергеу шеңберінде сотқа дейінгі тергеу басқармасы екі іс қозғағанын нақтылады: ҚР ҚК 439-бабының 3-бөлігі бойынша (ұрып-соғу немесе оның өліміне әкеп соқтырған бастыққа қатысты өзге де зорлық-зомбылық қолдану) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қарсы және ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану) батальон командиріне қатысты іс қозғалған.

Тергеу барысы прокуратураның бақылауында. Барлық күдіктілер үшін бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау. Алайда тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі жария етілмейді.

– Капитан Дархан Дәулеттің туыстарына материалдық көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, жерлеуге жұмсалатын 295 360 теңге көлемінде шығын жабылады. Сондай-ақ бес жылдық ақшалай қаражатқа тең өтемақы төленеді. Ол 15 032 160 теңге, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі мен прокуратура тергеудің түпкілікті нәтижелері аяқталғаннан кейін мүдделі тараптардың назарына жеткізілетінін хабарлады.

Биыл 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімінің офицері алған жарақаттан көз жұмғаны хабарланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →