Тергеу жалғасып жатыр
Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді.
Іс-шара барысында саяжай аумағынан ақ түсті, ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды.
Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан аса прекурсор және 10 келіден аса дайын есірткі, яғни альфа-PVP тәркіленді. Одан бөлек:
Бұл операция нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі таралуына тосқауыл қойылды.
Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.