×

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастарды зорлағандар ұсталды

Сұмдықтың беті үш ай бұрын ашылғанымен күдіктілер енді ғана қамауға алынды. 

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастарды зорлағандар ұсталды

Түркістан облысына қарасты жындыханадағы науқастарды зорлады деген қос күдікті ақыры қамауға алынды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы қаланың полиция департаменті мәлімдеді. Олардың екеуі де Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері. 

Бұған дейін жазғанымыздай, қыздарын қорлап, жүкті еткенін айтқан екі бірдей ана шағымы жарияланған еді . Етегі жасқа толған Түркістан облысының тұрғындары психикалық ауытқушылығы бар қыздарын мекеме қызметкерлері бір емес бірнеше рет зорлады деген. Салдарынан кәмелет жасына толмаған науқас жүкті болып, жүйкесі жұқарып жасанды түсік жасатқанын да жеткізді. Сұмдықтың беті үш ай бұрын ашылғанымен күдіктілер енді ғана қамауға алынды. 

Бұрын хабарлағандай психиатриялық емханадағы зорлау туралы арыз бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті екі тұлға сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда,-дейді Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →