×

13 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер ұсталды

Ол Арқалық қаласындағы  қылмыстық топтың белді мүшесі болған

13 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

13 жылдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды,  деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2011 жылы Арқалық қаласы маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталған. Операция барысында сегіз адам қамауға алынғанымен, күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген.

“Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген Полиция басқармасының хабарламасында.

Іздеу жұмыстарын тоқтатпаған тәртіп сақшылары қаскүнемді 13 жылдан кейін құрықтап отыр. Қылмыстың өтеуі – жаза. Одан ешкім де қашып құтылмақ емес.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →