×

Атыраулық азамат "Таблиғи жамағат" діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратқан

44 жастағы күдікті бұған дейін сотты болған

Атыраулық азамат "Таблиғи жамағат" діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратқан
Сурет: Бейнеден кадр

Атырауда діни-экстремистік идеологияны насихаттаған ер адам ұсталды, 

деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жайында Атырау қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

“Атырау қаласында полиция қызметкерлері «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратты деген күдікпен ер адамды ұстады. Ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, сот арқылы тыйым салынған. Ұсталған азамат мешіттерде діндар жастармен әдейі кездесіп, үйіне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттаған.Оның үйін тінту кезінде тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. 44 жастағы күдікті бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған”, – делінген Атырау қалалық полиция басқармасы мәлімдемесінде.

Қазір тыйым салынған діни ұйымды насихаттағаны үшін қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →