×

Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған

Қазір қылмыстық іс тараптардың танысу сатысында жүріп жатыр

Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған
Сурет: freepik

Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды зорлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі фактіні растап, түсініктеме берді.

 “Қазір ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша "бір топ адамның жас балаға қатысты жасаған зорлауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында кәмелетке толмаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын, үшіншісіне қатысты - жеке кепілгерлік сайлады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс тараптардың танысу сатысында", –  деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Іспен тараптар танысқаннан кейін ҚР ҚІЖК-нің 300-бабына сәйкес іс прокуратураға, содан кейін сотқа зерделеу үшін берілетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →