×

Ресеймен шекарада 500-ге жуық жүк көлігі тоқтап қалды

Жүк көліктерінің маршрут бойынша жүру мүмкіндігі шектеліп тұр

Ресеймен шекарада 500-ге жуық жүк көлігі тоқтап қалды
Сурет: ҚазАвтоЖол

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарада 500-ге жуық жүк көлігі тоқтап тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жөнінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

“2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа-райының нашарлауы салдарынан қалың қар, боран, көктайғақ пайда болған. Салдарынан "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500-ге жуық жүк көлігінің жиналуы байқалады. Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ ақпараты бойынша шектеулер 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 22.00-ге дейін қолданылады", –  делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 

Осыған байланысты жүк көліктерінің маршрут бойынша жүру мүмкіндігі шектеліп, ауа-райының жақсаруын күтуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →