×

"Қарғаймын, түрмеге отырғызамын!": Қостанайда жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

Тергеу "Ұрып-соғу" бабы бойынша жүргізілуде

"Қарғаймын, түрмеге отырғызамын!": Қостанайда жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Сурет: Sputnik/Владислав Воднев

Қостанайда жедел жәрдем қызметкері  науқастың жақындарының шабуылына ұшырап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде Облыстық полиция басқармасы мәлімдеді.

 “Мен сол түні түнгі ауысымға түскен едім. Жедел жәрдемге “Демікпе, жүрек” деп шақыртуы түсті. Шақырту бойынша барып, алғашқы көмек көрсеттік. Алайда науқастың жақындары бір нәрсені дұрыс істемесе, қарғап, түрмеге отырғызатындарын айтты. Науқастың демі тоқтаған соң реанимациялық шараларға кірісіп, 30 минуттай аман алып қалу үшін күрестік. Алайда науқас көз жұмған екен. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық”, – дейді жедел жәрдем фельдшері Анель Баймурзина.

Науқас көз жұмғанын естіген жақындары фельдшерге бірден тап беріп, ауыр соққыдан ол бас жарақатын алған.

“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жедел жәрдем шақыртқандар мен медицина қызметкерлері арасында сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Оның барысында 41 және 51 жастағы екі әйел фельдшерге дене жарақатын салды.Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Тергеу "Ұрып-соғу" бабы бойынша жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

Leave a comment

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті
Бүгін, 15:45

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған
Шу аудандық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →