×

Маска кию керек: Ақтөбеде шошқа тұмауы өршіп тұр

Шошқа тұмауының А және В типтері ең ауыры

Маска кию керек: Ақтөбеде шошқа тұмауы өршіп тұр
Сурет: panorama.am

Ақтөбе облысында шошқа тұмауын жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мәлімдеп отыр.

Аймақта соңғы екі айда шошқа тұмауының 63 жағдайы анықталды. Егер вакцинация болмаса, бұл инфекция ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

“Облыста сырқаттанушылық 2,8 есе өсті. 274 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылды, олардың арасында бір жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 208 бала және бір жасқа дейінгі 43 бала бар”, – делінген аурухана хабарламасында.

 Күзде аймақ тұрғындарының тек 14% - ы иммундаудан өткен. Мысалы, ауруханаға түскен 109 жүкті әйелдің ішінде тек екі әйел вакцинацияланған.

"А және В типті тұмаулар ең ауыр. А типі (шошқа тұмауы) инфекциялық-уытты шокқа, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Вакцинация болмаған кезде асқыну қаупі артады, соның ішінде пневмония жағдайы жиілейді”, – деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева .

Дәрігерлер аймақ тұрғындарына адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға және бетперде киюге кеңес беріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Үш саусағын кесіп тастады": Ақмола облысында ерлі-зайыпты дәрігерлерге шабуыл жасаған
Бүгін, 10:36

"Үш саусағын кесіп тастады": Ақмола облысында ерлі-зайыпты дәрігерлерге шабуыл жасаған

Оқиға 18 қаңтарда аурухананың жансақтау бөлімінде болған
Ол 2970 м биіктікте шатқалда орналасқан күркеден табылған
Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →