×

Астанада әскери қызметші ауруханада жатқан баланы зорламақ болған

Зорламақ болған баланың жасы небәрі сегізде

Астанада әскери қызметші ауруханада жатқан баланы зорламақ болған
Сурет: golos.ua

Желіде подполковник шеніндегі әскери қызметкер ауруханада жатқан баланы зорламақ болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің біріндегі подполковник шеніндегі Батальон командирінің орынбасары 2016 жылы туған баланы ауруханада зорламақ болған", –  делінген  EGOV Press Telegram арнасында.

Бұл жайында ҚР ІІМ болған жағдайға түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша соттың санкциясымен оқуда жүрген Ақмола ҚМ гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды”,  –  делінген Ішкі істер министрлігі түсініктемесінде.

Қазір болған оқиғаға байланысты тергеу  жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты
Бүгін, 08:07

Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты

Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар жауапты тұлғаларды қатаң жазалауды талап етіп отыр
Бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Тергеу нұсқасына қарасақ, ол кіші ұлын мамыр айында, ал қалғандарын қарашада өлтірген
Бұл дерек бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →