Зорламақ болған баланың жасы небәрі сегізде
Желіде подполковник шеніндегі әскери қызметкер ауруханада жатқан баланы зорламақ болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің біріндегі подполковник шеніндегі Батальон командирінің орынбасары 2016 жылы туған баланы ауруханада зорламақ болған", – делінген EGOV Press Telegram арнасында.
Бұл жайында ҚР ІІМ болған жағдайға түсініктеме берді.
"Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша соттың санкциясымен оқуда жүрген Ақмола ҚМ гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды”, – делінген Ішкі істер министрлігі түсініктемесінде.
Қазір болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.